Еңбек министрлігі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін атады

Жыл басынан бері 579,8 мың отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды.

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 579,8 мың отбасы жалпы сомасы 156,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде сәуір айында 587,2 мың отбасыға 39,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған", — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Сурет: freepik.com

Власти Москвы объявили аукционы на коммерческие площади в Дегунино

По информации, предоставленной Кириллом Пуртовым, руководителем департамента конкурентной политики Москв ...

  • 17.02.2026

В Челнах объявили угрозу атаки БПЛА

МЧС объявило угрозу атаки БПЛА на Набережные Челны и Альметьевск. Режим вводится в случае обн ...

  • 17.02.2026

Роспотребнадзор зафиксировал скачок ОРВИ до октябрьских значений

Эпидемиологическая ситуация в России вернулась к показателям начала октября. В Роспотребнадзор ...

  • 16.02.2026

Telegram в России теряет право на товарный знак "Telegram" в мае 2023

Срок действия одного из двоих товарных знаков, зарегистрированных мессенджером Telegram через дубайскую ...

  • 16.02.2026