Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған

Қаскүнемнің әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сауда орталығының өкілі полицияға түскі уақытта супермаркеттен қымбат алкогольдік сусынның ұрланғаны туралы хабарлап, арыз түсірген. Мән-жайды анықтауға жұмылған Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы қала тұрғынын аталған ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтаған.

"Белгілі болғандай, супермаркетке кірген ер адам өзін ешкімнің бақылап тұрмағанын пайдаланып, қолындағы пиджактың ішіне бір бөтелке алкогольді орап алған. Оның сауда алаңын аралап жүріп, осыған ұқсас жолмен үш бөтелке алкогольді ұрлап, 40 мың теңгеден астам материалдық шығын келтіргені белгілі болған. Қаскүнемнің әккі әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын анықтаған тәртіп сақшылары оның ізіне түсті", — делінген хабарламада.



Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сурет: Polisia.kz

Трамп предупредил Иран об усилении атак при будущей агрессии

Пресс-секретарь верховного лидера Афганистана, Забиулла Моджахед, выразил уверенность в победе Исламской ...

  • 15.02.2026

NYT: Китай наращивает ядерные мощности

Журналисты издания сделали такой вывод, проанализировав спутниковые снимки объектов страны Китай а ...

  • 15.02.2026

Председатель КНР Си Цзиньпин поставил задачу стабилизировать рождаемость в стране

Председатель КНР Си Цзиньпин заявил, что китайским властям необходимо активно работать над ста ...

  • 15.02.2026

Каллас прокомментировала упреки Рубио о свободе слова в Европе

Глава дипломатии Евросоюза Кая Каллас, Alain Rolland / European Union / Wikimedia Common ...

  • 15.02.2026