Алматының таулы бөлігінде құрылысқа тыйым салынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жоғарғы бөлігінде нүктелік құрылыстарды тоқтатуды тапсырды. LS тілшісі бұл аймақта қанша нысан салынып жатқанын және олардың тағдыры қалай шешілетінін анықтады.

Қала құрылысы және урбанистика басқармасының хабарлауынша, көпқабатты тұрғын үй кешендері мен нүктелік құрылыстарға тыйым Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы, Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі (қала шекарасына дейін) және Жандосов көшесінің оңтүстігін қамтиды.

Бұл аумақта қазірдің өзінде шектеу бар: ғимараттар үш қабаттан, оған қоса жертөледен аспауы тиіс. Қазіргі уақытта уәкілетті орган осы талаптарды нақтылайтын нормативтік-құқықтық актіге (НҚА) өзгерістер енгізуде.

Басқарманың мәліметінше, бүгінгі таңда аталған аймақта 29 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, заңға сәйкес жаңа НҚА оның күшіне енгенге дейін басталған құрылыстарға әсер етпейді. Сондықтан қолға алынған жобалар аяқталмақ.

Ал мораторий енгізілгеннен кейін тұрғындарға Алматының жоғарғы бөлігінде құрылыс жүргізуге рұқсат берілмейтіні хабарланады.

Айта кетейік, бас жоспарға сай әлеуметтік инфрақұрылым мен туристік кластер нысандары бұл шектеуден босатылады.

Роспотребнадзор зафиксировал скачок ОРВИ до октябрьских значений

Эпидемиологическая ситуация в России вернулась к показателям начала октября. В Роспотребнадзор ...

  • 16.02.2026

Telegram в России теряет право на товарный знак "Telegram" в мае 2023

Срок действия одного из двоих товарных знаков, зарегистрированных мессенджером Telegram через дубайскую ...

  • 16.02.2026

Unitree Robotics показала навыки ушу роботов на концерте в Китае

На гала-концерте, посвященном Новому году по лунному календарю, компания Unitree Robotics представила св ...

  • 16.02.2026

Суд отправил в СИЗО исполняющего обязанности министра ГО и ЧС Кубани

Сергей Штриков арестован на два месяца по делу о превышении полномочий Октябрьский районный суд Кр ...

  • 16.02.2026