Елімізге Өзбекстан мен Түрікменстаннан залалданған қызанақ түрі жеткізілген

Жыл басынан фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.

Бұл туралы 2 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.

"Ағымдағы жылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын8 автокөлікке тиілгенқызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды",- делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізілген.

"Нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен"қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы" анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды".ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Бұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.

Сурет: pixabay

Бейбарыс Каблан получил поздравление от президента Казахстана

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил чемпиона мира по таеквондо Бейбарыса Каблана, пер ...

  • 03.12.2025

Казахстан представил яркий национальный стенд на международной благотворительной ярмарке

Фото: Gov Президент Северной Македонии посетила казахстанский стенд на диплома ...

  • 03.12.2025

Тонну утиного мяса без маркировки не пропустили в Казахстан

В Минсельхозе рассказали о новых случаях незаконного ввоза продукции животного происхождения ...

  • 01.12.2025

Американская торговая палата заявила о готовности поддержать новые бизнес-проекты в Казахстане

Фото: Gov Американская торговая палата намерена активизировать сотрудничество ...

  • 29.11.2025